Қызылорда облысында егістікке берілетін су лимиті қысқартылды

1 328

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов өңірде судың тапшылығынан егістік үшін берілетін лимит қысқартылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қызылорда облысындағы Шардара қоймасында судың аздығына байланысты шілдеде суармалы жерлерді, әсіресе күріш дақылдарын сумен қамтамасыз ету бойынша шиеленісті жағдайдың туындауы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Биыл аталған өңірде 83,9 мың га жерге күріш егу жоспарланып, іс жүзінде 88,107 мың га жерге егілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Айта кетейін, министрлік облыста күріш алқабын қысқарту қажеттігі туралы бұған дейін бірнеше рет ескерткен болатын», - деді Сейілбек Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Одан бөлек, министрлік өкілі Жамбыл және Түркістан облысындағы егістікті сумен қамту мәселелеріне тоқталып өтті.


«Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты бассейндік инспекциямен тұрақты суару үшін суды пайдалану лимиті қысқартылды. Ал, Алматы және Жетісу облысы бойынша су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Аталған облыстардағы барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді», - дейді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.