Шиелі ауданының алты айлық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2 314

Фото: Аудан әкімдігіШиелі ауданының экономикасына тікелей ықпал ететін барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде айтарлықтай өсім қалыптасты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атап айтар болсақ ағымдағы жылдың 6 айында:

1. Өнеркәсіп өнімін өндіру - 36 млрд 631 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,7 пайызға жетті. 

2. Өңдеу өнеркәсібі көлемі - 30 млрд 301 млн теңгеге жетіп, 128,5 пайызға орындалды.

3. Ауылшаруашылығының жалпы өнімі - 5 млрд 17,2 млн теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,5 пайызға артық орындалды. 

4. Инвестициялар тарту көлемі - 34 млрд 890 млн теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 

131,1 пайызға, 

5. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер жалпы ауданы 

36142 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3 пайызға жетті.

6. Құрылыс жұмыстарының көлемі - 11 млрд 724 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 

174,9 пайызға артығымен орындалды.

7. Бөлшек сауда көлемі - 6 млрд 320 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106 пайызға артты.

Облыс көлемінде алты айлық есептік көрсеткіште Шиелі ауданы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынды иеленді. 

Кәсіпкерлік және инвестиция 

2025 жылдың 6 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6365 бірлікті құрады. 

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 

998,2 млн теңгені құрайтын 55 жоба шағын несие қаражатын алды. 

Инвестициялық жобалар

2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатын және іске қосылатын жобалар 

Жыл сайын ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны артып келеді. 

2025 жылы жобалық құны 68,2 млрд теңгені құрайтын 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Құрылыс кезінде 700 адам.

Ауылшаруашылығы 

2025 жылдың 6 айында ауылшаруашылығы саласы бойынша 5 млрд 17,2 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады. (2024 жылдың 

6 айында 4 млрд 495,7 млн теңге).

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі индикаторларына сәйкес мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік мал санында өсім бар. Ірі қара – 87684 бас (101,9%), қой мен ешкі – 144095 бас (111,9%), түйе –1888 бас (99,6%), жылқы – 27176 бас (104,2%)басты құрады. 

Егін шаруашылығы 

Биылғы жылы 31 мың 512 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. (Оның ішінде дәнді дақылдар үлесі 14 мың 783 га, майлы дақылдар 1130 га, мал азығы дақылдары 10 мың 332 га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары  5 мың 267 га.)

Егіске қажетті 15 200 тонна минералды тыңайтқыштар мен арамшөптерге қарсы 11 738 литр гербицидтер 100% толық алынып, себілуде. Сондай-ақ, бүгінде 6633 гектар ескі жоңышқа дақылын жинау жұмыстары жүруде.

Қазіргі таңда 3 мың тонна бау-бақша өнімдері Ресей, Қырғыстан республикалары мен еліміздің басқа аймақтарына экспортталуда.

Жалпы аудан бойынша бүгінде 61 дана насос қондырғысы пайдаланылуда. Оның 23 данасы электрлі және 38 данасы дизельді. 61 дана насостың 25 данасы шаруашылықтардың өз теңгерімінде, 19 данасы «Табиғат» МКК арқылы, 17 данасы «КазСуШар» РМК арқылы және 6 дана қосымша насостар.

Мемлекет басшысының және облыс әкімінің бастамасымен, облыс аумағындағы су тапшылығының алдын алу және егісті судан қалдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Қызылорда облысына еліміздің 19 облысынан 

25 насос қондырғысы көмекке жіберілді. 

25 насос қондырғысының Шиелі ауданына СНП-500 маркалы 10 насос қондырғылары жеткізілді. 

Бұл дегеніміз аудан диханшылары мен егіншілерге үлкен қолдау болғаны сөзсіз.

Қазіргі таңда, көршілес облыстардан алынған насос қондырғылары егінді оның ішінде күріш дақылын судан қалдырмау мақсатында, әр ауылдық округ бойынша шаруашылық танаптарының су баруы қиын егіс алқаптарына орналастырылды.

Бүгінде егілген егісті судан қалдырмау мақсатында шаруашылық құрылымдары қолда бар насос қондырғысымен қашыртқы суын қайта пайдаланып, кезектестіріп суландыру жұмыстарын жүргізуді қолға алуда. 

Ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап күріштегі суды тарту жұмыстары басталатын болады.