Аралдықтар көлік күтіп жүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Иә, шынымен айдың басында ұтыстан көлік ұтқан жерлестерінің жолын бізге де берсін дейтіндер көп. Нақтырақ айтсақ,«Аладдин» шығыс шайханасының ашылғанына 4 жыл болуына орай ұйымдастырылған бұл ұтыстан дәмелі жандар тек Аралдан емес, еліміздің түкпір-түкпірінде бар. Былтыр 2 көлікті өз иесіне табыстаған шайхана иесі биыл да 3 көлік және 150 бағалы сыйлықты ұтысқа қойған. Бірінші кезеңінде 75 сыйлықпен қоса 1 автокөлік ойнатылса, соның иесі аралдық Қуаныш Жұбанова атанған. Бүгін біз сол жолы болған жерлесімізбен тілдескен едік.
"Әдетте мұндай дүниелерге көп қызықпайтынмын. Нәпақамды еңбегіммен тауып жүрмін. Бұрын балық комбинатында есепші болып жұмыс жасадым. Ал қазіргі уақытта балық сатумен айналысамын. Бірде інімнің жарнамасынан ұтыс өтетіні туралы естідім. Қызығушылықпен өзіне қоңырау шалып, қаншалықты шынайы, әділ өтетінін сұрадым. Барлығы ашық, әділ өтеді деген соң бағымды сынап көргім келді", – дейді.
Толық ақпаратты естіген соң бар-жоғы 3 билет сатып алып, ұтыс ойнына қатысуға тәуекел еткен. Әрі қарай өз сезімімен бөліскен кейіпкеріміз:
"Ұтыс ойналатын күні көпшілікпен бірге барып, өз көзіммен көргім келді. Мыңнан аса адам жиналды. Одан бөлек, тікелей байланыс арқылы төрт мыңға жуық адамның тамашалап отырғанын да естідім. Басқа қанша адам барын тіпті ойлау мүмкін емес. Үміт бар, бірақ сенім аз болды. Менде осыншама адамның арасынан көлік маған бұйырады деген ой мүлде болмады. Ал есімімді атап, ортаға шақырғандағы сезімімді, қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Жолдасымда тұрақты жұмыс жоқ. Өзім көп балалы анамын. Жеті қыз тәрбиелеп отырмын. Сол балаларымның несібесі шығар, «Нyundai sonata sport» көлігі маған бұйырды. Өзімде көлік жүргізуге рұқсат қағазым жоқ. Қазір жолдасым жүргізіп жүр", – дейді.