БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

2 511

Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрнекі профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Оның барысында 500-ден астам жасөспірімге жолды қауіпсіз өту тәртібі және қоғамдық көліктен түсу жолдары түсіндірілді.  Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру мәселелеріне арналған бейнероликтер көрсетілді және өрт қауіпсіздігі, жаз мезгілінде су айдындарында шомылу қағидаларын сақтау, құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол бермеу тақырыптарындағы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық мәдениетін арттыру, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. Аталған іс-шара облыс прокуратурасының «Adal Bala» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясында жүзеге асырылып жатқан жүйелі профилактикалық жұмысының бір көрінісі болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.