Қармақшыда " IT PARK " филиалы ашылуда
Қазіргі таңда жасанды интеллект пен цифрландыру – экономиканың барлық саласының дамуына серпін беретін негізгі бағыттардың біріне айналды.
Мемлекет басшысының 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы осы саланың стратегиялық маңызын айқындап отыр. Осыған орай бүгін ауданымызда алғаш рет «IT Park Qarmaqshy» филиалының ашылу рәсімі өтті. Маңызды шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек орталықтағы заманауи робототехника жобаларымен, оқыту кабинеттерімен және жас мамандардың тың бастамаларымен танысып, аталған жобаның аудан жастары үшін аса қажетті әрі болашағы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар аудан әкімінің төрағалығымен «IT Park Qarmaqshy» филиалының жұмысына арналған арнайы мәжіліс ұйымдастырылды. Жиында аудан басшысы:
Жиын барысында орталық жетекшісі Жанболат Сәдібеков жаңа филиалдың негізгі жұмыс бағыттарын таныстырып, ал «GRAND master» ЖШС директоры Алмат Қуанышбаев «Цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңда IT саласының еңбек нарығындағы сұранысы мен жасанды интеллект технологияларының артықшылықтарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов жастарды білім мен инновацияға ұмтылуға шақырып, жаңа орталықтың аудан жастары үшін маңызды білім алаңына айналатынына сенім білдірді. Айта кетсек, «IT Park Qarmaqshy» орталығы Руханият орталығы базасында орналасқан. Арнайы кабинет толық техникалық құралдармен жабдықталып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісі мен 12 заманауи дербес компьютер орнатылған. Мұнда бағдарламалау негіздері, робототехника, графикалық дизайн, мобилді қосымша әзірлеу, 3D модельдеу және жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша арнайы курстар ұйымдастырылады.![]()
Жоба аясында жыл сайын кемінде 300 жасты қамту жоспарланып отыр. Оқу курстарын сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, болашақта олардың стартап жобаларын дамытуға қолдау көрсету көзделуде. Сонымен қатар үздік қатысушыларды облыстық және республикалық IT байқауларға қатыстыру жоспарланған. Бұл бастаманы жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен арнайы қаржы қаралып, «Жасанды интеллект – болашақ бастауы: жастардың цифрлық сауаттылығы мен жаңа дағдыларын қалыптастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба әзірленген.
Қазіргі таңда жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Алдағы уақытта орталық базасында хакатондар, IT форумдар, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік семинарлар өткізу жоспарланып отыр.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.







