ШИЕЛІ КЕНТІНДЕ ЖАҢА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
ШИЕЛІ КЕНТІНДЕ ЖАҢА КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Бүгін аудан әкімі Айтбай Насриддинұлы Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентіндегі Есабыз және Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысында орналасқан К-4 каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылыс алаңымен танысты.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының барысын қарап, мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жобаның жүзеге асу кезеңдері мен техникалық талаптары бойынша нақты мәселелерді талқылады.
Көпір құрылысын мердігер мекеме – «Гулнур МК» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба аясында заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі ұзақ мерзімге арналған инженерлік құрылым салу жоспарланған.
Жаңа көпірдің салынуы – кент ішіндегі көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Аталған нысан пайдалануға берілгеннен кейін Есабыз және Ә.Молдағұлова көшелері арасындағы қатынас айтарлықтай жеңілдеп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалады.
Сонымен қатар, көлік қозғалысының өткізу қабілеті артып, жол қауіпсіздігі деңгейі жоғарылайды. Бұл өз кезегінде кент
ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, тұрғындардың уақыт үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Көпір құрылысы тек инженерлік нысан ғана емес, сонымен қатар Шиелі кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық жоба болып табылады. Жоба іске қосылғаннан кейін елді мекеннің ішкі байланысы жақсарып, көлік қатынасы жүйеленеді.
Аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, атқарылып жатқан жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапа стандарттарына сәйкес орындалуы қажет екенін атап өтті.
– Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда болуы тиіс. Ең бастысы – сапа мен қауіпсіздік. Нысан толық талапқа сай, тұрғындарға ұзақ жыл қызмет ететіндей деңгейде салынуы керек, – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау, техникалық талаптардың сақталуын қадағалау және мердігер мекеменің жұмыстарын үйлестіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда аудан көлемінде инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік жүйесін жетілдіру және елді мекендердің ішкі қатынасын жақсарту бағытында ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Көпір құрылысының аяқталуы Шиелі кентіндегі көлік қозғалысын жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған жоба алдағы уақытта аудан инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бастамалардың бірі ретінде өз нәтижесін бермек.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі







