Қызылордалық бақташы 9 млн теңгенің малын ұрлап, сатып жіберген

1 074

Қызылорда облысында бақташы құны 9 млн теңге болатын 21 түйені ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


2021 жылдың көктемінде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Уақыт өте малын санағанда 21 түйе табылмаған. Содан кейін мекеме басшысы аудандық полиция бөліміне хабарласып, 21 түйесінің жоғалғанын айтқан.


Полиция тексеру кезінде қылмысқа бақташының қатысы бар екенін анықтады. Ол малдардың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген екен.


Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.