Тұрақты даму жолында: Сырдариядағы игі бастамалар мен нақты нәтижелер
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту – басты міндетіміз.
Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ауданда бүгінгі күнге 1293 жұмыс орны ашылды (2025 жылы 2953 жұмыс орнын ашу жоспарланған, көрсеткіш – 43,8 пайыз). Оның ішінде, Ұлттық жобалар аясында 13 жоба бекітіліп, 105 адам жұмыспен қамтылды (68 пайыз, жылдық жоспар – 155 жұмыс орны (22 тұрақты, 133 уақытша), - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасына сәйкес, ауданда 186 жұмыс орны ашылды.
Мемлекеттің жарқын болашағы жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Аудан бойынша 53 білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
Оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей бар. Апатты жағдайда және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ.
31 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (17 мемлекеттік балабақша, 6 мектеп жанындағы шағын орталық, 8 жеке балабақша)
17 мектеп, 5 қосымша білім беру ұйымдары.
Ауданда барлығы 8211 оқушы білім алды.
Аз қамтылған отбасы (1142) мен 1-4 сынып (3102) оқушылары 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
2024-2025 оқу жылын 526 түлек мектеп бітіріп, олардың 461-і, яғни 88 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты (Орташа балл – 79).
Биыл облыстық бюджеттен бөлінген
309 млн. теңгеге Сәкен Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде (медігер мекеме «N Cтрой Сервис» ЖШС). Жаңа оқу жылын оқушылар қайта жаңартылған мектепте оқитын болады.
Ауданда 3-6 жас аралығында бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтылған.
Халық денсаулығын нығайту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Саланың материалдық-техникалық жағдайын нығайту мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Аймақ басшысының қолдауымен биыл аудан орталығында облыс бойынша ем алушыларды қабылдайтын паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесі ашылды. Бөлімше 60 төсек орынға арналып, тиісті мамандармен, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Ашылғаннан бергі 6 ай ішінде 340 науқас ем қабылдады.
Шаған елді мекенінде орналасқан дәрігерлік амбулатория 328 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілуде (Мердігер – «РеалСтройСнаб» ЖШС).
Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң мұнда «Медициналық оңалту» бөлімшесі ашылып, Шаған және елді мекенге жақын орналасқан ауыл тұрғындарын емдеуге мүмкіндіктер жасалатын болады.
Сондай-ақ, аудандық ауруханаға қарасты ауыз сумен қамтамасыз ететін су көтергіш мұнарасын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 125 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аймақ басшысының қолдауымен өңірде мәдени нысандар салынуда.
Аудан орталығында неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталығы пайдалануға берілді. Бұл ауданның мәдени-рухани құндылықтары дәріптелетін орталыққа айналды.
Биыл Қызылорда қаласының астана болғанына – 100 жыл толып отыр.
Осыған байланысты «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты аудан өнерпаздарының облыстық мәдениет және өнер байқауында сырдариялықтар бірінші орынды жеңіп алды.
Биылғы айтыс өнерінің хас шебері Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдығына орай ауданда республикалық ақындар айтысы өткізіліп, ұлттық өнеріміз дәріптелді.
«Балауса» халықтық би ансамблі Алматы қаласында өткен халықаралық өнер конкурсында Бас жүлде иеленіп, Баку қаласына жолдама алды.
Аудан мәдениет үйлері мен клубтарында, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарында барлығы 150 үйірме бар, оған 2000-ға жуық өнерпаз қатысады.
Аудан өнерпаздары есепті кезеңде 69 байқауға (10 халықаралық, 9 республикалық, 26 облыстық, 24 аудандық) қатысып, 109 жүлделі орындарды жеңіп алды (28 бас жүлде, 27 – І орын және 54 – ІІ және ІІІ орындар).
Спорттың бұқаралық сипатын дамытуға әркез басымдық беріп келеміз.
Ауданда спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар аясында спортпен тұрақты айналысушылардың үлесі 40,5 пайызды құрады.
Биыл Бесарық ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
Ауданда 130 спорттық нысанда 555 үйірме жұмыс жасайды. Онда 16 мыңға жуық спортшы қамтылған.
2025 жылдың 6 айында ауданда 63 спорттық жарыстар өткізілді.
Ауданның барлық спортшылары осы уақытқа дейін республикалық жарыстан 43 медаль (І орын –16, ІІ орын –12, ІІІ орын – 15) облыстан 166 медаль (І орын –57, ІІ орын –26 , ІІІ орын –83), Азия және Халықаралық жарыстардан 3 медаль (І орын –3) жеңіп,аудан мерейін үстем етті.
Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға Ел Президенті мен Үкімет басшысы, сондай-ақ, аймақ басшысы тарапынан үлкен қолдаулар жасалуда.
Елдің тыныштығы мен береке-бірлігінің арқасында алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарыла береді.