Алматыдағы сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды

288

Фото: polisia.kzАлматы қаласының орталығында сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды.

Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді. СЭС саласында, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады. "Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды.


Бір сөзбен айтқанда, притондар "дене массажы", "СПА-салон" және "сауна" белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды", – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елнұр Кұдретбаев. 


Сонымен бірге, спикер жұмысшыларды, сондай-ақ сауналар мен салондарға келушілерді іс-шара нәтижесіндегі құқық бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау және олардың жеке тұлғаларын басқа заңсыздықтарға қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында полицияға әкелгенін атап өтті. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.