Қызылордалықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 68,1 млрд теңге аударды

2 533

Фото: Informburo.kzЖүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2024 жылдың 1 ақпанға дейін Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 68,1 млрд. теңге аударды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аударылған қаржның 41,2 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 26,9 млрд. теңге - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.  


Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.