«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмыс маусымының ашылу салтанаты өтті

2 543

Фото: Қоғамдық даму басқармасыҚызылорда облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» жалпыұлттық жобасына биыл 20 жыл толды. Бұл — жастарды еңбекке баулу мен әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Мерейтойлық шараға қала мен аудандардан 100-ге жуық жас пен зиялы қауым өкілдері қатысты.  «Жасыл ел» қозғалысы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, ортақ идеялар төңірегінде топтастыруда. Жобаға биыл 1 200 жас маусымдық жұмыспен, орналастыру, қажетті экипировкамен, құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі шара аясында еңбекші жастар Қызылорда қаласындағы «Ботаникалық бақты» көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.