Қызылордада кезекте тұрғандарға жер беру мәселесі шешімін тапты

2 532

Фото: Shutterstock.comҚызылорда қаласында жер кезегін сарыла күткен 70 мыңнан астам адамның алды жылжи бастаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.   

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 27- ші наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес азаматтардың өтініші бөліп беруге арналған алаңдар немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар дайын болған кезде қанағаттандырылады.

Былтыр біз прокуратурамен бірге жұмыс атқардық. Сол кезде 2005 жылғы арыз иелерінен жер ала алмай жүрген 300-дей адам қалған екен. Олардың барлығына хабарлама жолданған. Биыл 1- ші қаңтардан 2006 жылдың бірінші жартысында кезекке тұрған азаматтарға жер бере бастадық. Жылжу бар. Жер телімдері негізінен қаланың "Бәйтерек" шағын ауданынан беріліп жатыр. Сұранысқа сәйкес ауылдардан да үлестіріледі, – деді қала әкімі Нұржан Ахатов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.