Қызылордада 155 әкімшілік іс қозғалды
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті процедуралық, стоматологиялық кабинеттер мен медициналық ұйымдарды тексерген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсетуге арналған бюджет қаражатын, қор активтерін, стоматологиялық көмек бойынша БЖЗҚ аясында халыққа медициналық қызмет көрсетуге арналған бюджет қаражатын пайдалану мен жұмсау заңдылығы ескерілген.
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Ондағы мақсат – дәрі-дәрмектің өндірушіден пациентке дейінгі жолын қадағалау. Әрбір дәрілік заттың қаптамасында Data Matrix коды қолданылады. Таңбаланғаны тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесі арқылы тіркеліп, қадағаланады.
Ақпараттық жүйенің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысында 8 955 682 қаптама дәрілік зат кірістелген. 6 817 393 қаптама дәрілік зат айналымнан шығарылған. Бұл - жалпы көрсеткіштің 76,2%-ы, - деді департамент басшысы.
Еске салайық, жүйе іске қосылған алғашқы айдың өзінде 10,2 миллионнан астам қаптама таңбаланса, 2024 жылдың соңына қарай ай сайынғы көлем бес есеге жуық өсіп, желтоқсан айында 49 миллион қаптамаға жетті.







