Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты

332

Фото: polisia.kzАқмола облысының "Көкшетау-Атбасар" тас жолында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол апаты бүгін, 7 сәуірде сағат 13:59-да орын алған. Бұл туралы 14:10-да Атбасар аудандық полицияның кезекшілік бөліміне хабар түскен.
 
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары "Ваз2110", "ГАЗель" және "Фольксваген Гольф" көліктерінің соғылғанын анықтады.

Соққы салдарынан "ГАЗель" көлігінің газбаллон құрылғысы жарылыпты. 

Жол-көлік оқиғасынан "Фольксваген Гольф" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 
Одан бөлек, "ГАЗель" көлігінің жолаушысының түрлі дене жарақатымен Атбасар аудандық ауруханасына жеткізілгені хабарланды.
 
Қазіргі уақытта, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.