Қызылордада 450 адамның қос бүйрегі істен шыққан
Қызылордада 450 адам бүйректің екі жақты жетіспеушілігімен диализ аппаратына тәуелді. Оның 281-і бүйрек трансплантациясын жылдар бойы күтуде,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлердің айтуынша, кезектің жылжымай тұрған басты себебі – мәйіттік донордың өте аздығы. Облыста бүйрек ауыстырған 95 адамның тек үшеуі ғана қайтыс болған адамның бүйрегін алған.
Қазір облыста 10 диализ орталығы жұмыс істейді, бірақ Сырдария мен Қармақшыда орталық жоқ. Бұл аудандардың тұрғындары инватакси арқылы жеткізіледі.
Науқастардың жағдайы қиын:
– Аптасына 3 рет, 4 сағаттан аппаратқа жатады.
– Донор табылмай, жылдап кезек күтеді.
Мамандардың айтуынша, халық арасында мәйіттік донорлықты түсіндіру жұмысы әлсіз. Егер ми өлімі тіркелген науқастың туыстары келісім берсе, бір адамның ағзасы 6-7 адамның өмірін сақтап қала алады.
Дәрігерлер мәселені шешу үшін дін өкілдерін де тарта отырып, донорлықты кеңінен түсіндіру қажет дейді.







