Қызылордада жасөспірім қыз жоғалды

606
Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жасөспірімге іздеу салады.

13 жастағы Жаладин Салиха Бағдатқызы 15 тамыз күні сағат 17-30 шамасында белгісіз бағытқа қарай кетіп, қайта оралмаған.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде. Оның фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Ерекше белгілері: бойы 1,55-160 см, шашы ұзын қара, арық денелі, ақ құба келген. Киген киімдері: көк түсті джинсы көйлек, ақ түсті красовка.

Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.