Жамбылдық полицейлер адам ұрлығы қылмысын ашты

299

Фото: polisia.kzЖамбыл облысының полиция қызметкерлері адам ұрлады деп күдіктелгендерді ұстады.

Құзырлы органның басшысы Жанат Сүлейменовтің мәліметінше, полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған және полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталған.

Ал жәбірленушіні полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапқан. Полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.