Заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандарды реттеу: өңірлік шаралар нәтижесі

2 263

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 422 құрылысы жүріп жатқан (Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 53, Қазалы ауданы – 52, Қармақшы ауданы – 28, Жалағаш ауданы – 25, Сырдария ауданы – 30, Шиелі ауданы – 22, Жаңақорған ауданы - 54) кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күнімен 81 нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы - 41, Арал - 1, Қазалы - 5, Қармақшы - 4, Сырдария – 4, Шиелі – 2, Жаңақорған ауданы - 24), ал 57 нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелеріне жалпы 151 хаттама толтырылып (Қызылорда қаласы – 28/68, Арал ауданы – 5/11, Қазалы ауданы – 5/15, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 5/14, Сырдария ауданы – 8/24, Шиелі ауданы – 3/10, Жаңақорған ауданы – 2/6), 64 993 280 теңге айыппұл салынды.

Бұған қоса, Қызылорда қаласының 3 кәсіпкерлік нысаны бұздырылып, қазіргі таңда КБИ мөлтек ауданыңда заңсыз салынған пәтердің қосымша құрылысын бұздыруға соттын шешімі шықты.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлерімен құрылыс процесстеріне қойылатын негізгі талаптар бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп түсіндірме парақшаларын таратуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.