Қызылордада Қызыл кітапқа енгізілген "Қаяз" балығын аулап алған азамат ұсталды

454

Қызылордада Қызыл кітапқа енгізілген "Қаяз" балығын аулап алған азамат ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы маманы мен Қызылорда облысы Қазалы АПб-нің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторы бірлесіп жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында 2023 жылдың 15 тамыз күні сағат 05:50 шамасында Әйтеке би кентіндегі көшелердің бірінде күдік тудырған «УАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатқан.  


Тексеру барысында автокөлік ішінен  Қызыл кітапқа енгізілген 1 дана "Қаяз” балығына ұқсас балық анықталған. Сонымен қатар айғақ зат ретінде  1 дана резеңке қайық,  2 дана езкек, 7 дана әр түрлі балықтар және 7 дана жіп аулары алынған.