Белгісіз адамдардың шабуылынан 11 полицей қаза тапты

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИПәкістанның солтүстік-батысында полиция қызметкерлеріне жасалған қарулы шабуыл салдарынан кемінде 11 полицей қаза тауып, тағы 12-сі жараланды, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Белгісіз біреулер заңсыз алтын өндіруге қарсы операцияға бара жатқан полиция қызметкерлеріне оқ атқан.

Жергілікті полиция өкілі Мұхаммад Науман Зебтің хабарлауынша, шабуылдаушылар қызметтік бес көлікті де өртеп жіберген.

Соңғы айларда өңірде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар жиілегені атап өтілді.

ACLED халықаралық мониторинг ұйымының мәліметінше, Пәкістандағы террористік шабуылдар саны төрт есеге жуық өскен. Атап айтқанда, 2022 жылы 658 шабуыл тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 2 425-ке жеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.