Аудан әкімі өз қызметкерін ұрып-соққан.

1 518

Фото:© АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Baribar.kz ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

Министр президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап берген. Оның айтуынша, биыл екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8% төмендеген. Бұл былтырғы екі айдың ішінде жасалған қылмыстардың санынан 1,3 мыңға аз.

 Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасып жатыр. Алдын алу іс-шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4% төмендеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтады. Есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында бес есірткі зертханасы жойылды, — делінген Ақорда хабарламасында.

Президент елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.