ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ АТТЫ ШАРА ӨТТІ

1 504

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Жаңақорған кентіндегі «Ақсарай» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Ауыл шаруашылығы саласының үздігіне арналған шарада аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан ардагердің өңір ауыл шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлесіне тоқталып, ауданымызда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ жас спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевтың жан жары Маруся Сағынбайқызы отбасына атынан ардақты азаматтың есімін ұлықтап, рухына құрмет көрсетіп отырған азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, республикалық турнирге Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарынан және Астана, Шымкент қалаларынан 200-ден астам жас спортшы қатысуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.