Cырдария аудан әкімі академия түлектерін қабылдады

2 313

Фото: gov.kzАудан әкімі Берік Сәрменбаев ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 1 жыл оқып, магистр атанған жас мемлекеттік қызметшілерді қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2024-2025 оқу жылында сырдариялық Ербол Булебаев пен Сәуле Сыздықова академияда білімдерін жетілдіріп, мемлекеттік басқару саласының қыр-сырын меңгеріп, магистрлік диплом алды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің Отаншыл және кәсіби білікті болуына аса мән береді. Сондықтан академия мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін шыңдау ісін жетілдіріп, оны жаңа деңгейге көтеруде беделді оқу орны саналады. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, Әділетті Қазақстанды құруға атсалысу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Олардың адал, жаңашыл әрі жасампаз болуы аса маңызды. Академияда жинақтаған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді аудан дамуына жұмсайды деп сенім білдіремін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Өз кезегінде академия түлектері академияда озық ойлы, кәсіби білікті маман даярлауға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, шетелде тәжірибеден өтіп, білімдерін жетілдіргендерін айтты. Алдағы уақытта туған ауданды дамыту жолында аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қоса беретіндерін жеткізді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.