Қызылордада өрт қауіпсіздігін бұзғандарға 18 млн теңгеден астам айыппұл салынды

2 513

Фото: Opennews.kz ЖИБиыл 10 айда 985 нысанда бақылау іс-шарасын жүргізген қызылордалық құтқарушылар 6053 заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 875 әкімшілік іс қозғалып, 18 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Әкімшілік істер саны 21,9%-ға, айыппұл сомасы 35,8%-ға артқан.

— Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 57 хаттама сотқа жолданды. Оның 47-сі бойынша 15 млн 310 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 6 іс қараусыз қалдырылды, 4 іс соттың қарауында, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов.

Өрттің басым бөлігі тұрғын секторы (233) мен автокөліктерде (111) тіркелді. Орман өрті 40%-ға артып, 28 жағдай есепке алынды.

— Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 5 864 тұрғын үйдің тізімі жасалып, көміртегі тотығын анықтайтын 300 датчик сатып алынды. Қызметкерлер 16,5 мыңға жуық тұрғын үйдің ауласын аралап, 175 кездесу өткізіп, профилактикалық жұмыс жүргізді, — деді департамент өкілі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.