Қызылордада көлеңкелі экономиканы азайту және МӘМС жүйесін жаңғырту мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екі бағыт – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту» және «Көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары» қаралды. Жиын қорытындысынан кейін қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов күн тәртібінде көтерілген мәселелерді талқылап, нақты тапсырмалар жүктеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көлеңкелі экономикамен күрес – Қызылорданың салықтық түсімдерін арттырумен қатар, қаланың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетігі болып табылады.
Бүгінде қалада заңсыз бизнестің жолын кесу және кәсіпкерлерді салықтан жалтаруға қарсы қорғау бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша:
- 210 салық төлеушіден 2 125 жасырылған жұмысшы анықталған;
- Бюджетке қосымша 511 миллион теңге түсім түскен;
- Сонымен қатар, мақсатына сай пайдаланылмаған 25 жер учаскесіне салық мөлшерлемесі 20 есеге арттырылып, нәтижесінде бюджетке 22,3 миллион теңге өндірілген.
Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өткен қала әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов:
Мәжілісте қаралған маңызды тақырыптардың бірі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі болды.
Қызылорда қаласы бойынша «Д» санатында МӘМС жарнасын төлемегендер саны жыл басындағы 13 997 адамнан 16 199 адамға, ал «Е» санатында 6 426-дан 6 680 адамға дейін өскені айтылды.
Осыған байланысты қала әкімдігі тиісті бөлімдер мен кент, ауылдық округ әкімдіктеріне жыл соңына дейін «Д» және «Е» санатындағы азаматтардың санын азайту жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Мәжілісте негізгі тақырыптардан бөлек, жылу беру маусымының барысы және алда өтетін «Қала күні» мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері де қаралды.
Жауапты сала басшыларына инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарға үздіксіз жылу жеткізу және мерекелік іс-шаралардың қауіпсіз өткізілуін бақылау жөнінде тапсырмалар берілді.