ҚАЗАЛЫДА МӘЖІЛІСТЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ҚАЗАЛЫДА МӘЖІЛІСТЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аудандағы кадрлық өзгерістер таныстырылып, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі бірқатар маңызды тағайындаулар жария етілді. Сонымен қатар жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы өзекті мәселелер қаралып, жауапты сала басшыларына алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер жүктелді.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлық өзгерістер болды. Аудан басшысы мемлекеттік басқару саласында кәсіби тәжірибесі мол, өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып келген азаматтардың жаңа қызметтерге тағайындалуы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және ауданның тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
Жиында аудан әкімі бұған дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Алиев Жәнібек Алмасұлының бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысына сәйкес аудан әкімінің өкімімен Қазалы ауданы
әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарлады.
Сонымен қатар мемлекеттік әкімшілік қызметке конкурс өткізілместен, ауысу тәртібі арқылы бұған дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Сыдықов Жасұлан Жиентайұлының аудан әкімінің өкімімен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанын жеткізді.
Аудан басшысы жаңа тағайындаулар мемлекеттік қызметтің сабақтастығын қамтамасыз етуге, салалардың жұмыс тиімділігін арттыруға және аудан тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталғанын айтты.
Жәнібек Алмасұлы 1981 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Тұран университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Салықшы» мемлекеттік мекемесінде маман болып бастаған. Мемлекеттік қызметтегі алғашқы жылдардан бастап өзінің жауапкершілігімен, кәсіби біліктілігімен ерекшеленіп, әртүрлі бағыттағы қызметтерде мол тәжірибе жинақтады.
2009-2012 жылдар аралығында Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
Ал 2012 жылдан бастап аудан әкімі аппаратында ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, кейін бас инспекторы, бөлім басшысы лауазымдарында еңбек етіп, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын үйлестіру, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау, аппарат жұмысының тиімділігін арттыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды.
2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ішкі саясат, жастар саясаты, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс және мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етті. Қызмет барысында түрлі қоғамдық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына және аудан тұрғындарымен кері байланысты нығайтуға өзіндік үлесін қосты.
Енді аудан әкімінің орынбасары ретінде Жәнібек Алмасұлына бірқатар маңызды салаларға жетекшілік ету жүктеліп отыр. Бұл ретте оның мемлекеттік қызметте жинақтаған мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп күтілуде.
Жасұлан Жиентайұлы 1987 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы «РЗА» акционерлік қоғамында мал дәрігері болып бастаған. Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, ветеринария, мемлекеттік бақылау және коммуналдық шаруашылық салаларында әртүрлі жауапты қызметтерді атқарды.
2010-2020 жылдары Сарбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы, Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы, Әйтеке би кентінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы, аудандық аумақтық инспекцияның жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2020 жылдан бастап аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары ретінде аудан көлеміндегі коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру, автомобиль жолдарын жөндеу, инженерлік желілердің сапасын арттыру және тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің тиімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалысты.
Аталған салада жинақтаған тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін ескере отырып, Жасұлан Жиентайұлына бөлім басшысы ретінде саланың жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті жүктеліп отыр.
Кадрлық өзгерістерді таныстырған аудан әкімі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, жауапкершілігі мен халық алдындағы адал қызметі өңірдің тұрақты дамуының басты кепілі екенін атап өтті.
– Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін сала. Әрбір басшы тұрғындардың сенімін ақтап, ел мүддесіне қызмет етуі тиіс. Сіздердің алдағы жұмыстарыңыз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді деп сенемін. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру, халықпен ашық әрі тиімді жұмыс жүргізу – басты міндеттердің бірі болып қала береді, – деді аудан басшысы.
Алмасбек Есмаханов жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысына алдағы қызметтеріне табыс тілеп, әр саладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел назар аударуды, тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметте тәртіп пен жауапкершілікті күшейту, цифрландыру үдерістерін тиімді пайдалану, бюджеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуін бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және халықпен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Аппарат мәжілісінде аудан басшысы мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жарылқап Бахытжан Дүзелбайұлын мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады.
Алмасбек Есмаханов мерейтой иесінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаржы және экономика саласының тұрақты жұмыс істеуіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
– Сіз мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, аудан экономикасының дамуына, бюджеттік жоспарлау жүйесінің жетілдірілуіне және қаржы саласының тұрақты жұмысына өлшеусіз үлес қостыңыз. Өз ісіңізге деген жауапкершілік пен кәсіби тәжірибеңіз әріптестеріңізге әрдайым үлгі болып келеді. Алдағы уақытта да мол тәжірибеңізді ауданның өркендеу жолында пайдаланып, жас мемлекеттік қызметшілерге бағыт-бағдар беріп, ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жалғаса береді деп сенемін. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, бақ-береке және жауапты қызметіңізге толағай табыс тілеймін, – деді аудан әкімі.
Жиын барысында мерейтой иесіне аудан әкімінің Алғыс хаты табысталып, иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Әріптестері де ізгі тілектерін жеткізіп, мемлекеттік қызмет саласындағы адал еңбегі мен азаматтық болмысына жоғары бағаларын берді.
Аппарат мәжілісінің қорытындысында аудан әкімі барлық сала басшыларына белгіленген жоспарлардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстауды және аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту, инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Жиын соңында аудан басшысы мемлекеттік қызметшілерді ел мүддесі жолында адал еңбек етуге шақырып, әрбір басшыға жүктелген міндеттердің сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатының артуына негіз болатынын атап өтті.
Қаз
Рус






