Жамбыл облысында үйінен кетіп қалған 15 және 17 жастағы жасөспірімдер әлі табылмай жатыр

238

Фото: pixabay.comЖамбыл облысында үйлерінен кетіп қалған екі жасөспірім он күннен бері табылмай жатыр.

Алдын-ала мәлімет бойынша, екі жеткіншек бір-бірлерін ұнататындарын айтып, ата-аналарынан рұқсат сұраған екен.

Алайда үлкендер қарсы болған көрінеді. Осылайша, екі ғашық қол ұстасып үйлерінен кетіп қалған. 
Куәгерлер соңғы рет 17 және 15 жастағы екі жеткіншекті қала шетіндегі аудандардың бірінен көргенін айтқан.

Содан бері олардан хабар жоқ. 
 
Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ортақ таныстарынан олар туралы сұрастырған. Дегенмен құрдастары қайда екенін білмейтін болып шықты.

Кейінірек іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайларды қарап шыққан. Себебі, жастардың жиі баратын бірнеше ескі ғимараттары болған.

Әзірге екі жасөспірімді іздеу жұмыстары нәтиже бермей тұр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.