“Союз МС-26“ ғарыш кемесі Қазақстанға қонды

2 626

Фото: Видеодан скриншот"Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, ресейлік ғарышкерлер мен америкалық астронавт отырған "Союз МС-26" ғарыш кемесінің капсуласы Қазақстан даласына қонды, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Кеме 20 сәуір күні Астана уақытымен түнгі 02:57-де Халықаралық ғарыш станциясынан ажыратылды. Сағат 05:27-де тежеу жүйесі іске қосылып, "Союз МС-26" Жер атмосферасының тығыз қабаттарына кіріп, бірнеше бөлікке бөлінді. Қону Астана уақытымен 06:20-да Жезқазған маңындағы далаға парашют арқылы жүзеге асты.

"Роскосмос" агенттігі қону сәтін тікелей эфирде көрсетті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.