Қызылордада «Ассоль» және «Сафия» брендтерімен ас тұзы өндірілуде
Бүгін Сыр еліне келген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстанның Даму Банкі, Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ , «QazIndustry» АҚ, Invest Kazakhstan, KazakhExport, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» және «Аграрлық несие корпорациясы» өкілдерінен делегация өңірдің бірқатар өндірістік нысандарына, атап айтқанда, ас тұзын өндіретін зауытқа, күріш өндіретін кәсіпорынға, сондай-ақ шыны зауытына барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алдымен қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна шыны шығаруға қауқарлы «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Бүгінгі күні зауытта 370 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Мұнан соң делегацияның сапары «Алтын Орда» ЖШС-де жалғасты. Компания йодталған ас тұз өндіру саласындағы қазақстандық нарық көшбасшыларының бірі болып табылады. Компания 1997 жылы Қызылорда қаласында құрылды. 2016 жылдан бастап компания барлық талаптар мен сапа стандарттарына сәйкес «Ассоль» және «Сафия» брендтерімен ас тұзын өндіреді. Тұз 2 зауытта өндіріледі. Олардың біріншісі 2016 жылы сағатына 3 тонна қуатпен іске қосылды. 2022 жылда қуаттылығы сағатына 10 тонналық екінші зауыт іске қосылды. Компанияда 150-ден астам адам жұмыс істейді.
Енгізілген сапа менеджменті жүйесі шикізат пен материалдардың 100% қадағалануын қамтамасыз етеді, осылайша сатып алушының қауіпсіздігі мен денсаулығына кепілдік береді.
Бүгінгі таңда «Ассоль» және «Сафия» брендтерімен өнімдер елдің барлық аймақтарында сатылады. Сонымен қатар, өнімдер Ресейге, Беларуссияға, Грузияға, Қырғызстанға, Моңғолияға және Балтық елдеріне экспортталады.
2023 жылы Қызылорда облысына ресми сапары аясында ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаев тұз өндіретін зауыттың жұмысымен танысып, кәсіпорын қызметіне жоғары баға берді.
Кездесу барысында делегация өкілдері инвестициялық қызметті жүзеге асыру, өнеркәсіпті дамыту және шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту бойынша «бір терезе» және «жасыл дәліз»қағидаттарымен таныстырып, әлеуетті инвесторларды сапалы сүйемелдеу және оларға қажетті қолдау көрсету маңызды екендігі атап өтілді. Әсіресе жаңа өндірістер құруға, сапалы жұмыс орындарын ашуға, ғылым мен білім беруді дамытуға тың инвестициялар қажет.
Ас тұзы, натрий хлориді, NaCІ — түссіз кристалды зат. Балқу 8010С, қайнау 14130С, тығызд. 2,161 г/см3 (200С). Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда, құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді. Судағы қаныққан ерітіндісі (28,41г NaCІ) 108,70С темп-рада қайнайды.А. т. табиғатта галит минералы (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты суларының құрамында кездеседі (қ. Ас тұзы кендері). Тех. мақсаттар үшін тас тұзы мен тұндырылған тұз, тағамдық мақсаттар үшін буландырылған және таза тұндырылған А. т. қолданылады. А.т-ның иодталған, брикеттелген т.б. арнаулы түрлері де өңдіріледі. А.т. тамаққа қосуға (ас тұзы деп аталуы осыдан), тағам өнімдерінде пайдаланылады; хим. өнеркәсіпте сода, хлор т.б. өнімдерді алу үшін шикізат ретінде, ал медицинада физиологиялық ерітінді түрінде қолданылады.
Ас тұзы – қымбат емес және ең көп таралған дәм күшейткіш. Оны кондитерлік өнімдерден бастап барлық дерлік тағамдарға қосу әдетке айналған. Адам ағзасына аз мөлшерде тұз қажет, өйткені бұл элемент бұлшықеттердің жиырылуына, гормондардың түзілуіне және т.б үшін қажет. Адам ағзасына тұздың не үшін қажет екенін және қандай мөлшерде екенін анықтайық. Сонымен қатар оның артық болуына байланысты денсаулыққа қандай зиян келетінін екенін білейік.
Неліктен тағамға тұз қосылады?
Тағам пісіруге қолданылатын тұз натрий хлориді (NaCl) – 40 пайыз хлор және 60 пайыз натрийден тұрады. Бұл компонент тағамдардың дәмдік қасиеттерін жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар сақтау мерзімін ұзарту үшін де қолданылады. Ежелден бері адамдар етке тұз себеді, өйткені бактериялар тұзды ортада өмір сүре алмайды.
Тұз әртүрлі тәсілдермен өндіріледі
Шығарылу әдісі бойынша тұздың төрт түрі бар:
• тұз шахталарында өндірілетін тас;
• арнайы бассейндерде (теңіз тұзы) тұндырылған тұз;
• су қоймаларының түбінде пайда болатын тұз;
• буландыру арқылы алынатын тұз.
Ең көп тараған түрі – буландыру арқылы алынатын тұз. Сонымен бірге ол ең пайдасыз болып саналады. Себебі, пайдалы дәрумендер булану процесінде ұшып кетеді. Тұзды пайдалы ету үшін оған аздап йод қосады, мұндай тұзды "йодталған тұз" деп атайды. Бұл химиялық элемент адам ағзасы үшін өте маңызды, өйткені йодтың жетіспеушілігінен қалқанша безі нашар жұмыс істей бастайды.
Ағзаға тұз не үшін қажет?
Ас тұзының ең маңызды компоненті – натрий. Ол ағзадағы сұйықтықтың сақталуында, бұлшықеттердің жиырылуында, гормондардың бөлінуінде және эритроциттердің түзілуінде маңызды рөл атқарады. Бұған қоса, ас тұзы асқазанда тұз қышқылын түзеді, онсыз ас қорыту жолдары дұрыс жұмыс істемейді. Егер тұз болмаса, денеміздегі тіндердегі сұйықтық тез бітіп қалады. Бұл бұлшықеттердің тартылуына әкеледі. Сондай-ақ, Mayo Clinic мәліметі бойынша, тағамдағы тұздың жетіспеушілігі төмен қан қысымын тудыруы мүмкін. Салдарынан бас айналу, дұрыс көрмеу және басқа да жағымсыз белгілер пайда болады.
Ас тұзы ағзаға қажет, бірақ өте аз мөлшерде ғана пайдалану керек.
Адамның күнделікті тұзды тұтынуы
Егер сіз кез келген диетологпен кеңессеңіз, ол сізге тұзды тұтынуды мүмкіндігінше шектеуге кеңес береді. Ересек адам үшін тұздың күнделікті нормасы 5 грамм, бұл шамамен бір шай қасыққа тең деп саналады. Алайда, шын мәнінде, адамдар кейде тіпті білмей, күніне 100 грамм тұз тұтынады. Өйткені бұл компонент біз дүкендерден сатып алатын өнімдерде көп мөлшерде кездеседі.
Тұздың денсаулыққа зияны
Тәулігіне 5 грамнан астам тұзды тұтынатын болсаңыз, денсаулыққа байланысты проблемалар туындайды. Ең алдымен, натрийдің артық болуы қан мөлшерінің ұлғаюына әкеледі. Ағзадағы натрийді сұйылту үшін дене суды сақтай бастайды. Бұл қысымның жоғарылауымен және бас ауруын ғана емес, сонымен қатар инсульт қаупінің жоғарылауын тудырады. Натрийдің көп мөлшері денеден кальцийді шығарады, бұл сүйектер мен тістердің беріктігін жоғалтуға әкеледі.
Артық тұз адам ағзасын бұзады
Жақында ғалымдар 100 000 адамның өмір салты мен денсаулық жағдайын зерттеп, тұзды шамадан тыс тұтыну өмір сүру ұзақтығын қысқартатынын анықтады. Британдық Биобанктен алынған деректер тағамға жиі тұз қосатын адамдардың 75 жасқа дейін өлу ықтималдығы 28 пайыз жоғары екенін көрсетті. Тамағына сирек тұзд қосатын адамдарда бұл қауіп байқалмайды.
Аз тұз адамды өзіне тәуелді етеді
Ғалымдар тұзды қант, тіпті никотин сияқты тәуелді етеді деп есептейді. Адамда тағамға тұз қосу әдеті пайда болған кезде, уақыт өте келе тұздың қалыпты концентрациясы бар қарапайым тағам оған дәмсіз болып көріне бастайды. Осының бәріне байланысты тұзды тағамнан бас тарту өте қиын болады.
Адамдар тұзды тұтынуды шектеуі керек, бірақ бұл өте қиын
Тұзды аз тұтынуды бастау үшін алдымен оны әртүрлі дәмдеуіштермен ауыстыру ұсынылады. Сонымен қатар, сатып алынған өнімдердің құрамын мұқият тексеріп, тұзы көп тағамды жеуді шектеу керек.