Теміржол вокзалы – аудан келбеті: Әйтеке би кентіндегі жаңғырту жұмыстары қарқын алды
Ауданның бас қақпасы ретінде саналатын Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалының тарихи ғимараты бүгінде түбегейлі жаңғыртудан өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көп жылдан бері жаңарту көрмеген нысанға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары вокзалға жаңа тыныс беріп, аймақтың архитектуралық ажарын арттыра түсуде. Бұл бастама ауданның көріктендірілуі мен өңір имиджін жақсартуға бағытталған кешенді жоспардың маңызды бөлігі саналады.
Кәсіпкерлік нысандар да жаңашылдыққа бейімделуі тиіс
Вокзал аумағы тек жолаушылар ағымы үшін ғана емес, аудан қонақтары мен тұрғындары көретін бірінші нысан болғандықтан, оның жан-жағындағы кәсіпкерлік нысандардың да сыртқы келбеті талапқа сай болуы міндетті. Осыған байланысты аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті құрылымдарға нақты тапсырма беріп, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановқа жұмысшы топ құрып, вокзал маңындағы барлық кәсіпкерлік нысандарды аралап, ретке келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді жүктеген болатын.
Жұмысшы топ нысандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы жетекшілік еткен жұмысшы топ вокзал аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіп иелерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында ғимараттардың сыртқы келбетін біріздендіру, нысандардың алдындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, белгіленген талаптарды сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұрат Әбсұлтанов кәсіпкерлерге ауданның абыройы әрбір нысанның тәртібі мен тазалығынан көрінетінін атап өтіп:
Өңір имиджі – ортақ жауапкершілік
Жұмысшы топ мүшелері кәсіп иелеріне тек сыртқы әрлеу жұмыстарын жаңарту ғана емес, аумақты абаттандыру, ретсіз құрылымдарды жою, жарнамаларды біріздендіру секілді міндеттердің де маңызды екенін жеткізді. Бұл өзгерістер ауданның туристік әлеуетін арттырып, ұзақ мерзімде өңірдің тартымдылығын күшейтеді деген сенім бар.
Бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі
Аудан әкімінің орынбасары жұмысшы топқа жүргізілетін жұмыстардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Әрбір кәсіпкерлік нысаны бойынша жеке-жеке талаптар белгіленіп, олардың орындалу мерзімдері нақтыланбақ.
Тарихи нысанға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары таныстырылды
Кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында Мұрат Әбсұлтанов жұмысшы топпен бірге вокзал жанында орналасқан тарихи нысан – су қыспақты мұнараға да барды. Онда жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімін қатаң сақтау қажеттігін тапсырды. Бұл мұнара – вокзал аумағындағы тарихи архитектуралық мұра, сондықтан оның қалпына келтірілуі жалпы аумақтың мәдени құндылығын арттыра түспек.







