Қызылордада VI жастар спорт ойындары өтеді

2 582

Фото: Қызылорда облысы әкімдігіАймақта Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындары бастау алмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарыс қарсаңында дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, жастар арасында аға жаттықтырушы Мақсат Бақтыбазаров, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып пен Галиб Джафаров БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. 


"Соңғы уақытта Қызылордада спортқа жақсы көңіл бөлінуде. Кеше ғана грек-рим күресінен үлкен жарысты өткіздік. Алдағы уақытта да спорттық шаралар өткізіледі. Бүгін міне бокстан жастар ойындары басталмақ.Өңірімізге бокс спортының жұлдыздары келді. Мұндай мықтылардың келуі жастарымызға үлкен мотивация. Шаршы алаңда шын мықтылар шықсын. Баршаларыңызды спорт мерекесіне шақырамыз.",- деді Жігер Оңдасынұлы.