Қызылордада 450 адамның қос бүйрегі істен шыққан

2 583

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

© Sputnik / Варвара ГертьеҚызылордада 450 адам бүйректің екі жақты жетіспеушілігімен диализ аппаратына тәуелді. Оның 281-і бүйрек трансплантациясын жылдар бойы күтуде,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, кезектің жылжымай тұрған басты себебі – мәйіттік донордың өте аздығы. Облыста бүйрек ауыстырған 95 адамның тек үшеуі ғана қайтыс болған адамның бүйрегін алған.

Қазір облыста 10 диализ орталығы жұмыс істейді, бірақ Сырдария мен Қармақшыда орталық жоқ. Бұл аудандардың тұрғындары инватакси арқылы жеткізіледі.

Науқастардың жағдайы қиын:
– Аптасына 3 рет, 4 сағаттан аппаратқа жатады.
– Донор табылмай, жылдап кезек күтеді.

Мамандардың айтуынша, халық арасында мәйіттік донорлықты түсіндіру жұмысы әлсіз. Егер ми өлімі тіркелген науқастың туыстары келісім берсе, бір адамның ағзасы 6-7 адамның өмірін сақтап қала алады.

Дәрігерлер мәселені шешу үшін дін өкілдерін де тарта отырып, донорлықты кеңінен түсіндіру қажет дейді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.