СЫР ӨҢІРІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

2 522

Облыс әкімдігіБүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауылды дамыту тәжірибелеріне арналған республикалық семинар-кеңесті ұйымдастыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аймақ басшысы тамыз айының 15-16 күндері өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегация келетінін хабарлады. Аймақта ведомство басшыларының, облыс әкімдері орынбасарларының, шаруа қожалықтары төрағаларының қатысуымен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылмақ.

«Семинар-кеңесте ауылды дамытудың озық тәжірибелері ортаға салынады. Бұдан бөлек, делегация өкілдері Қызылорда қаласындағы жаңадан салынған нысандарды, ауыл шаруашылығына қатысты өндіріс орындарын аралайды. Дүр Оңғар, “Таң”, “Бесарық” ауылдарындағы жобалармен танысады. Нағи Ілиясов ауылында арнайы семинар-кеңес өтеді», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына делегацияның жұмыс сапарын ұйымдастырып, семинарды жоғары деңгейде өткізу тапсырылды.

Мұнан бөлек, жиында егін жинау маусымына дайындық талқыланып, өнімді уақытылы әрі ысырапсыз жинап алу жайы пысықталды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.