Аудан әкімі Ардақ Ибраимов маңызды міндеттер бойынша тапсырма берді
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кезекті мәжіліс өтіп, ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық мәселелеріне байланысты маңызды тақырыптар талқыланды. Жиынға жауапты бөлім және мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжілістің негізгі күн тәртібін аудан көлемінде газ отыны тапшылығының алдын алу және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері құрады. Қыс маусымының жақындауына байланысты газ отынына деген сұраныс артып отырғанын атап өткен аудан әкімі тұрғындарды үздіксіз әрі тұрақты қамтамасыз ету үшін барлық шаралар уақытылы атқарылуы керектігін айтты. Газ тасымалдаушылармен, жеткізуші мекемелермен және тиісті ұйымдармен тиімді қарым-қатынас орнатып, отын қорын алдын ала жасақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар жиында қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы кеңінен талқыланды. Аудан әкімі қоғамдағы ахуалға жіті назар аударып, кез келген маңызды қоғамдық іс-шаралар мен жиындарды алдын ала келісіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру керектігін ескертті. Ол тұрғындармен тиімді ақпараттық байланыс орнатудың, түсіндіру жұмыстарын уақытылы жүргізудің, түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алудың маңыздылығын атап өтті. Әсіресе әлеуметтік желілерде таралатын ақпараттарды бақылауда ұстап, жалған мәліметтердің алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту қажеттігін айтты.
Жиынды қорытындылай келе, Ардақ Ибраимов жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, газ отынының тапшылығына жол бермеу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану, ахуалды тұрақты түрде бақылауда ұстау және бөлімдер арасындағы үйлесімді жұмысты арттыру керектігін тапсырды. Аудан әкімі міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы елдің тыныштығы мен тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты үшін маңызды екенін атап өтті.







