Қызылордада тұрғындар Сырдарияның суын пайдалануға мәжбүр
Қызылордада әлі күнге дейін Сырдария өзенінің лайланған суын ішетін тұрғындар бар. Қаланың іргесінде орналасқан саяжайдағы 300-ге жуық отбасы таза тіршілік нәріне жете алмай отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тұрғындардың көбі өздері қазып алған баспа құдықтан, ал шамасы жетпегендер өзеннен су тасып ішуге мәжбүр. Саяжайда бұдан бөлек жарық та, жол да түйіні тарқамайтын мәселеге айналған.
Тұрғын Балғабай Ережепов “Ягодка” саяжайына 5 жыл бұрын көшіп келген. Содан бері азамат Сырдарияның әбден лайланып кеткен суын қайнатып, қоқымын тұндырып күнделікті тіршілігіне тұтынады екен. Өйткені оның баспа құдық қаздыруға қаражаты жетпейді. Саяжайда амалдың жоқтығынан өзен суын ішіп жүрген отбасы көп.
Саяжайда шамасы жеткен тұрғындар мінекей, баспа қазып алған. Сол арқылы әрі кетсе 12-15 метр тереңдіктен шығатын суды күнделікті ішуге және кір-қоңын жууға пайдаланады. Бірақ бұл су да сап-сары, ішуге мүлде жарамсыз.
Қызылорда облысында президент тапсырмасымен сексеуіл еккен 100-ге жуық тұрғын еңбекақыларын ала алмай жүр
Қарағанды қаласының әкімдігі коммерциялық жер телімдерін жалға беру кезінде заңбұзушылық жасаған
Саяжайды жарықпен қамтып отырған трансформатор да Кеңес дәуірінен қалған. Ешқашан жөндеу көрмеген жолдың азабы да әбден қажытты дейді тұрғындар. Ал шенеуніктер "Ягодканы" қала аумағына қосу жоспарда жоқ, бірақ жұртты мазалаған мәселені шешіп береміз деп отыр.
Әкімнің орынбасары әзірге тек жобалық құжаттарды әзірлеуге ғана қаражат бөлінді дейді. Яғни саяжайға инфрақұрылым тарту жұмыстарының қай уақытта басталатынын нақты айта алмады.