ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

1 503

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

Биыл Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пайдалануға берілетін 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аумағында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көріп, құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан кәсіпкерлермен кездесті.

Қазіргі таңда тұрғын үйлердің шатырын жабу, ішкі әрлеу, сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы кәсіпкерлерге тұрғындардың игілігі үшін берілетін баспаналарды мерзімінен кешіктірмей тезірек сапалы етіп аяқтау керектігін айтты. Ал салаға жауапты орынбасарына тұрғын үйлерді қабылдау кезінде барлық талаптарға сай болуын, алдағы уақытта тұрғындардан ешқандай шағым болмау керектігін тапсырды.

Айта кетейік, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.