АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

2 655

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандарды аралады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Алмалы» елді мекенінде бой көтерген дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын көрді. Бас мердігер «Бақ-береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараттың ішкі жұмыстарына, сылап-әрлеуге кіріскен. Амбулатория жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы «Жансейіт»елді мекеніндегі №133 орта мектепке барып, «Руханият орталығының» құрылыс алаңындағы жұмыс барысын тексерді. Заманауи үлгідегі 100 орындық ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстары 100 пайыз орындалған. Құрылысын «СМП-Қызылорда» ЖШСқолға алған екі қабатты ғимараттың аумағы 2312 шаршы метр.

Биылғы «Руханият жылына» орай салынған «Руханият орталығының» құрылысы дақарқынды. Мұнда жер жұмыстары, іргетас, қабырға қалау, шатырын жабу, сыртқы-ішкі қабырғаларын сылау, әрлеу, есік-терезе орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Осы уақытта сыртқы қаптау және абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Нысан биыл пайдалануға берілмек.

Аймақ басшысы құрылысқа қойылатын басты талап сапа екенін тағы бір ескертіп, жұмысты уақытылы аяқтаудың маңызын атап өтті.


Нысандарда ұзақ жылдар бойы халыққа еш кедергісіз қызмет көрсетілуі  тиіс. Ол үшін әрине, сапалы материалдар пайдаланылуы, құрылыстың барлық талаптары сақталуы  керек. Басталған жұмыстың межеленген уақытында аяқталып, қолданысқа дер кезінде берілуін де басты назарда ұстау қажет, – деді облыс әкімі.    

Шиелі ауданындағы құрылыс жобаларын аралап, аймақ басшысы бұл жұмыстардың сапасы мен уақтылы орындалуын бақылап, азаматтардың қажеттіліктері мен жағдайларына жауап беруге бағытталған маңызды шешімдер қабылдайды. Бұл да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен әсер етеді.