Қызылордада 10 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2 514

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform Қызылорда облысы Қазалы ауданының прокуратурасы жер заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген тексеріс барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Талдау нәтижесінде жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмағаны және кейбір жерлердің өз бетінше иелену фактілері тіркелгені белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

 Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура тарапынан қадағалау актілері енгізілді. Нәтижесінде жалпы құны 86 млн теңгені құрайтын, аумағы 10 мың гектар жер учаскелері мемлекет кірісіне қайтарылды.

 Сонымен қатар жер учаскелерін заңсыз иеленген тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша уәкілетті органмен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Мұндай фактілердің жолын кесу заңдылықты қалпына келтіруге, мемлекеттік мүддені қорғауға және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.