Аймақ басшысы сол жағалаудағы автономды блок-модульді қазандық құрылысымен танысты

2 527

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалаудағы қуаттылығы 40 мегаваттық автономды блок-модульді қазандықтың құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазандық құрылысына 1,9 млрд теңге қаралған. Іске қосылғанда сол жағалауда бой көтерген 55 көпқабатты тұрғын үйді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. Жоба бойынша BURAN BOILER маркалы, қуаттылығы 10 мегаваттық 4 қазандық орнатылған. Қазіргі таңда бас мердігер «Сәт-Сервис» серіктестігі құрылыс-монтаж жұмыстарының 80 пайызын аяқтаған, нысанды қаңтар айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Асар» серіктестігі қазандыққа 500 млн. теңгеге инженерлік желілер жеткізді.

Аймақ басшысы мердігер мекеме иелеріне жұмысты сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.