Аралдың ахуалына қатысты министр нақты атқарылған шараларды атады

2 418

Фото kazaral.orgАрал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру шаралары биыл да жалғасын табуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, 2024 жылдан бастап Арал теңізінің құрғаған табанындағы орман мелиорациялық шаралар бюджеттен тыс, ірі компаниялардың қаржысы есебінен жүзеге асырылып келеді.

Мәселен, "ҚазМұнайГаз" компаниясының қолдауымен өткен жылы көктемде 15 мың гектар жерге 4,4 миллион сексеуіл көшеті отырғызылды. Биыл КАТКО компаниясымен бірлесіп, 2,2 млрд теңге бөлініп, 120 мың гектарға сексеуіл тұқымы себілді және 12 мың гектарға көшет отырғызылды, – деді министр