ҚЫЗЫЛОРДАДА АУА-РАЙЫНЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІНЕН ҒИМАРАТТАРДЫҢ ШАТЫРЫ ҰШТЫ

1 936

Қызылордада қатты желдің салдарынан бірнеше оқыс оқиғалар орын алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұйытқи соққан қатты жел қала орталығында орналасқан ғимараттың  шатырын ұшырды. 


Желідегі видеолардан тек үй шатырлары емес, ағаштардың да құлағанын аңғаруға болады. Қала тұрғындары көше бойында орналасқан ағаштың көліктің үстіне құлап кете ме деген үрей басым екендігін жеткізді. 

Тіпті кейбір мекен-жайлар бойынша талдардың құлағандығы жөнінде ақпараттар келіп түсуде. 

1. Мерей 3

2. Ораз Жандосов 2 а

3. Әйтеке би × Қазыбек би көшесі қиылысы

4. Әйтеке би × Әуезова көшесі қиылысы

5. Тоқмағамбетов 2 үй 1 подьезд

6. Налог остановка тал құлап жатыр

7.Мүсірепов көшесі мен Бұқарбай батыр көшесі қиылысы

8. Коммунизм, Жаппасбай батыр Бекнизов қиылысы Бәйтерек скулл мектеп қасында

9. Шанхай, Кетебаева , 32 Тал құлап жатыр

10.Облыстық  сот

11.Шоқай және Алтынсарин көшелерінде төтенше жағдайлар орын алғаны белгілі болды. 


Қолайсыз ауа райы — қатты желге байланысты тал тамырымен жұлынып кетіп, тура көше бойына құлады. Жоғары вольтты сымдары бар бағана зақымданып кейбір көшелерде жарық өшкен. Қатты жел салдарынан бірқатар тұрғын үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар бағдаршамдар істен шығып, тал құлаған фактілер де тіркелді. Қазір шаһарда бірнеше бригада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кету керек, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.