Қызылордада 19 мыңнан астам бала балабақшаға жалған тіркелген

2 662

Фото:© Айзада Агильбаева / KazinformҚызылордада 19 мыңнан астам бала балабақшаға жалған тіркелгені анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарттық агенттігі Kazinform.kz сайтынан сілтеме жасап.

Қызылорда облысының білім беру саласына соңғы 3 жылда 812 млрд 245 млн теңге, биыл 302 млрд теңге қаралды. Бөлінген қаржының түпкілікті мақсатқа жетуі әрдайым бақылауда. 

2023 жылдан бері «Face-бақылау» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілді. Осылайша балабақшаларға жалған тіркелген 19 263 бала анықталды, 28 млрд 100 млн теңге үнемделді. Емхананың жалған анықтамасын тіркеу, негізсіз демалыс күндерін анықтау есебінен 6 млрд 700 млн теңге бюджетке қайтарылды, — делінген хабарламада.

Облыста демографиялық өсім мен халықтың көшіп-қону белсенділігі артып келеді. Осы себепті оқушы саны жыл сайын артып отырған.

Жаңа оқу жылында 1-11 сыныпта 189 288 оқушы тіркелді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 364 балаға көбейген, — делінген әкімдік мәліметінде. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.