ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІ: ӘКІМДІКТІ МАҚТАЙТЫНДАРДЫ ЖИНАП БЕРСЕМ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

7 117

Жаңақорған ауданы әкімі Мұрат Тілеумбетовтің журналиспен сөйлескен сөзі халықтың қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған аудан әкімі Мұрат Тілеумбетов журналистерге берген сұқбаты  қоғамда қызу талқыға түсті. Естеріңізге сала кетсек «Көреміз» бағдарламасының ұжымы жаңа шығарылым алдында облыс пен аудандарды аралағаны жұртшылыққа белгілі. Осы орайда облысымызға ат басын бұрған журналистерге жылы қабақ танытпаған аудан әкімі сынның астында қалды.



«Әкімдікке қатысты сауалдарды маған айтпай егер де журналистер шақырып жатса, өздеріңіз қабылдап көре беріңіздер егер мәселесін шешіп берсеңіз. Маған «проводниктің» керегі жоқ. Халыққа керек сұрақтарды мен өзім шешіп беріп отырмын. Халықпен мен өз деңгейімде кездесіп отырмын. Әкімдікті мақтайтын жандарды жинап берсем, біздің жинап берген адамымыз сізге дұрыс ақпарат береді ма, бермейді ма», - деді Жаңақорған аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы.



Алайда аудан әкімдігінің баспасөз өкілі тарапынан бағдарламаның хайп үшін жұмыс жасайтындығын алға тартып:


«Көреміз» бағдарламасы Жаңақорған ауданының тумасы күйік шалған Жомарт бауырымыздың отбасында болу және «Аманат» партиясының ғимаратында тұрғындармен кездесу жоспарланған екен. Жиынға «Көреміз» бағдарламасының сегізге жуық қызметкері, аудан әкімдігі мен «Аманат» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының қызметкерлерінен өзге жеті ана, бір екі ер кісі қатысты. Оның ішінде Сунақата ауылдық округінің тұрғыны Индира есімді азаматша аудан әкімімен кездесіп, өз мәселесін айту үшін, бірана Арыс қаласынан арнайы «Көреміз» бағдарламасы үшін келсе, қалған аналар Руслан мырзаға кішкентай балаларының тұсауын кестіру мақсатында қатысты. Аудан басшысы Қаратөбе ауылында жұмыс сапарында болып, облыс әкімдігінің бейне жиналысына қатысу үшін асыққаны рас. Аудан әкімдігіне келген бойда «Көреміз» бағдарламасының журналистері бір-екі сұрағымыз бар деп арнайы аудан әкімдігіне келді. Бағдарламаның рейтингі үшін не істемейді, керемет эксклюзив сұқбат алу үшін бәріне барды. Әкімге тұрғындар тарапынан екі сауал қойылып, оң шешімін тапты. Бірі жұмыссыздық екіншісі мектеп формасына көмек сұраған болатын. Алайда әлеуметтік желіде ол видеоны қиып тасталып, өңделген нұсқасы ғана бар» - деді Жаңақорған аудан әкімдігінің баспасөз өкілі.


Бұл мәселеге байланысты әлеуметтік желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда: 

«Ақ жағалы жандардың этикадан жұрдай болғаны ма?», «Әкім ашулы ғой.», «Мәә біздің әкім алтын екен ғой, журналистке дөрекі сөйлеген әкім халықты жеп қояды-ау..».