Қызылордада бөлім бастығы қызметінен заңсыз босатылған

2 943

Pixabay.comҚызылордада қызметкердің еңбек құқығы қорғалды – ер адам есеп бермегені үшін бөлім басшысы қызметінен заңсыз босатылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Соттың Telegram-дағыресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы жауапкер акционерлік қоғамның үстінен тәртіптік жазалар туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, жұмыста қалпына келтіру, амалсыздан бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген. 

Ол экономика және қаржы бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. 

"Талап қоюшымен еңбек келісім шартын бұзу туралы бұйрықты шығаруға тәртіптік жазасы бар жұмысшы еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамағаны немесе қайталап тиісінше орындамағаны негіз болған. Алайда талап қоюшының және оның бөлімінің және бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес есептерді тапсыру туралы қызметтік міндеттемелері жоқ және болмаған", - делінген хабарламада. 


Сол себепті талап қоюшы соттан жұмыстан заңсыз шығарылуы оның ар-ожданы мен қадір-қасиетіне зиян тигізіп, оның іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп санап, жауапкерден моральдық шығын өндіруді, тәртіптік жазалар туралы бұйрықтардың күшін жоюды және экономика және қаржы бөлімінің бастығы қызметіне қайта орналастыруды сұраған. 


Істі сотта қарау барысында талап қоюшының уәждері дәлелін тауып, жұмыс беруші тарапынан Еңбек кодексінде көзделген негіздер бұзылғаны анықталған.

"Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылып, жауапкердің тәртіптік жазалар туралы бұйрықтарының күші жойылып, талап қоюшы экономика және қаржы бөлімінің бастығы қызметіне жұмысқа қайта орналастырылып, лажсыз бос жүрген уақытына 3 694 496 теңге өндірілді", - делінген сот хабарламасында. Осылайша, жұмысшының еңбек құқығы заңмен қорғалған.