АРАЛДА 6 ЖАСТАҒЫ БАЛА ТҮНДЕ LAND CRUISER АЙДАП ЖҮРГЕН
Қызылорда облысының Арал ауданында 6 жастағы баланың түнгі уақытта Toyota Land Cruiser көлігін басқарғаны анықталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 10 қыркүйекте болған. Түнгі патруль кезінде полиция қызметкерлері жол талғамайтын көлікті тоқтатып, рөлде небәрі 6 жастағы бала отырғанын анықтаған. Көлік баланың әкесіне тиесілі болған.
Іс сотта қаралып, баланың заңды өкіліне айыппұл салынған.
Полиция департаменті ата-аналарға бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.
Аталған жағдай кәмелетке толмағандардың көлікке қолжетімділігі мен ата-аналардың бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.
Қаз
Рус






