АРАЛДА 6 ЖАСТАҒЫ БАЛА ТҮНДЕ LAND CRUISER АЙДАП ЖҮРГЕН

2 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысының Арал ауданында 6 жастағы баланың түнгі уақытта Toyota Land Cruiser көлігін басқарғаны анықталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 10 қыркүйекте болған. Түнгі патруль кезінде полиция қызметкерлері жол талғамайтын көлікті тоқтатып, рөлде небәрі 6 жастағы бала отырғанын анықтаған. Көлік баланың әкесіне тиесілі болған.

«Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ баланың түнде тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деді ведомство өкілдері.

Іс сотта қаралып, баланың заңды өкіліне айыппұл салынған.

Полиция департаменті ата-аналарға бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті.

«Полиция ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау қажеттігін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына, сондай-ақ балалардың түнде көшеде қараусыз жүруіне жол бермеңіздер», – деп хабарлады ПД.

Аталған жағдай кәмелетке толмағандардың көлікке қолжетімділігі мен ата-аналардың бала қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.