Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала және аудан әкімдерінің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізді

2 132

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Облыс әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала және аудан әкімдерінің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізіп, құрылыс нысандарының уақытылы және сапалы салынып, қолданысқа берілуі, күріш орағының барысы туралы мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сонымен бірге, қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау, елді мекендердің тазалығы, жылу маусымына әзірлік жайы да назардан тыс қалмады. Жиында қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы, коммуналдық қызметтің үздіксіз әрі сапалы көрсетілуіне қатысты мәселелер де қозғалды. 

Аймақ басшысы құрылыс алаңдарындағы жұмыс барысын күнделікті қадағалауды тапсырды. Елді мекендердің тазалығы да ұдайы бақылауда ұсталуы тиіс. Жылу маусымы жақын қалғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың тиянақты орындалуы маңызды.    

Нұрлыбек Машбекұлы тұтынушыларға сапалы, талапқа сай қызмет көрсетілуі тиіс екенін атап өтіп, орын алған кемшіліктерді тез арада түзету туралы тапсырмалар жүктеді. Тұрғындар күнделікті тұрмыс-тіршілікте кезігетін  мәселелерді жиі көтереді. Бұл ұсыныстар мен түйткілдер жан-жақты сарапталуы керек. 

Жиында атқарылған жұмыстар баяндалып, тұрғындар қозғаған мәселелерді негізге алып, оларды тиімді шешу жолдары қарастырылды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.