Қызылордада 200-ден астам жасөспірім беймезгіл уақытта жүрген

2 212

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Polisia.kzҚызылордада «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталған 4 күн ішінде 264 әкімшілік хаттама рәсімделген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.

"Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 30 ата-анаға хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берген 6, 21 жасқа толмағандарға темекі немесе темекі бұйымдарын сатқан 1 құқық бұзу анықталды. Кәмелетке толмағандар тарапынан 7 бұзақылық дерегі тіркеліп, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.", — делінген хабарламада.


Сонымен қатар 211 баланың түнгі уақытта заңды өкілдерін ертпей ойын-сауық мекемелерінде, үйінен тыс орындарда жүргені белгілі болды. Бала күтіміне, оқуы мен тәрбиесіне салғырт қараған 10 ата-ана профилактикалық есепке алынды.

«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы 6 мамырға дейін жалғасады. Ондағы мақсат — кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, балалардың құқығын қорғау.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.