Қызылордада ұнатқан қызын үш жыл аңдыған жігіт қамалды
Қызылорда қаласының №2 сотында сталкинг дерегі бойынша ұсталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қозғалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, сотталушы жәбірленушіге әлеуметтік желі және ұялы телефонына хабарласып, сезімін білдіре бастаған.
Сот бойжеткеннің тыныштығын бұзған жігітті Қылмыстық Кодекстің 115- бабының 1-тармағымен 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындаған. Сондай-ақ ол жәбірленушінің пайдасына 500 мың теңге моральдық зиян өндірген.
Қаз
Рус






