Қызылордада жоғалып кеткен жеткіншек Шымкенттен табылды

2 577

Фото: gov.kzҚызылордада жоғалып кеткен жеткіншек Шымкентте пәтерден табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысында хабар ошарсыз кеткен 15 жастағы жеткіншекті Шымкент ҚПД қызметкерлерінің жедел шаралар қабылдау нәтижесінде мегаполистегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды.


Шиелі ауданы полиция бөліміне ұлдарының үйінін шығып кетіп, қайта оралмағаны бойынша ата-анасы арызданған.


Шағым бойынша барлық полиция басқармаларына бағытнама берілген. Нәтижесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкі қызметкерлері қала аумағында орналасқан бейнебақылау камераларының барлығын шолып шықты. Әлеуметтік желіге салған стористері арқылы бала болуы мүмкін деген жерлер, аулалар, сауда орындары тексерілді.


Іздеу шараларының нәтижесінде, 9 сынып оқушысы қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Бала жақындарымен жанжалдасып қалған. Кейін үйден кетіп, Түркістан қаласы арқылы Шымкентке келген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.